Ms Power Point – презентациялар технологиясы: тренинг

28.08.18

2018  жылдың 24-27 тамыз аралығында  зейнеткерлерге арналған тренинг өткізілді. Мақсаты: қазіргі дербес компьютерде жұмыстың практикалық дағдысын беру және компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тарту. Тренинг  тыңдаушылары белсенді зейнеткерлер. Олар компьютермен жұмыс істеудің негізін, Microsoft PowerPoint бағдарламасының көмегімен құжаттарды құруды үйренді және Microsoft Office бағдарламалық қосымшаларымен танысты. Алынған білімдер  өздерінің  жеке өмірлерін жаңартуға көмектеседі деп сенеміз.