Фархинур – сұлулық пен адалдықтың символы: «Менің анам – Фархинур Мұхамедханова» кітабының тұсаукесері

29.08.18

29 тамыз Конституция күні мен Отбасы күні қарсаңында Абай кітапханасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Қ.Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» ҚҚ жетекшісі Дина Қайымқызы Мұхамедханның «Менің анам – Фархинур Мұхамедханова» кітабының тұсаукесері өтті.

Отбасы – сүйіспеншілік, адалдық, жанқиярлық қасиеттерін бойына жинаған, қызығы мен қиыншылығын тең бөле білетін үлкен үй. Бұл әдеттер мен дәстүрлер. Отбасында үлкен рөл, әрине, әйел затына беріледі. Бұл дегеніміз – отбасындағы тұрақтылық пен татулықтың кілті, күйеуінің қолдауы.

«Менің анам – Фархинур Мұхамедханова» кітабы әйгілі аға оқытушы, жазушы, ғалым-абайтанушы, қазақтың бір туары, жерлесіміз Қайым Мұхамедхановтың адал және батыл жұбайы, он баланы өмірге әкеліп тәрбиелеген ғажайып жан Фархинур Ахметжанқызы Мұхамедханованың тағдырына арналды.

Іс-шара Ғабдолла Тоқай және Қайым Мұхамедхановтың ескерткіштерінде гүл шоқтарын қою мен Ғ.Тоқайдың өлеңдері мен Қ.Мұхамедхановқа арналған өлеңдерді оқудан басталды.

Тұсаукесер барысында Фархинур Мұхамедханованың өмірі мен тағдырының негізінде, әйел-ана нышаны, сұлулық пен адалдықтың, отанасының нышаны ашылып көрсетілді.

Тұсаукесер барысында 1952 жылы Теміртаудағы Карлагтың лагерінде жазылған Қ.Мұхамедхановтың «Сүйген жар» өлеңі, Ғарифолла Есімнің Фархинур жайлы бейнежазбасы, М.Сұлтанбековтың Фархинурдың 100 жылдық мерейтойына арналған өлеңі, татар өнер мектебінің татар тіліндегі әндері және  Кенжебекұлы Қуандықтың орындауындағы «Арман» әні орындалып,  Алла Белякинаның «Аңыз адамы» деректі фильмінен эпизодтар ұсынылып, кітап көрмесімен толықтырылды.

Тұсаукесерге Мұхамедхановтар отбасы, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мұражай қызметкерлері, кітапханашылар мен БАҚ өкілдері қатысты.