Бірінші курс студенттерінің назарына: көрме-ұсыныс

05.09.18

Білім күні – барша студенттер, ата-аналар мен ұстаздар, оқытушылар үшін мереке. Бірінші курс студенттері үшін ерекше есте қалатын және толғандыратын күн.
5 қыркүйек күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері білім күні мен жаңа оқу жылының бастаулына орай қаламыздың Семей мемлекеттік Медицина университетінің 1-ші курс студенттерін кітапханамен таныстыру мақсатында және жаңа студент атанған жастарға арнап, «Бірінші курс студенттерінің назарына» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітапхана бөлімдері және тарихымен танысқаннан кейін студенттер, аталмыш кітап көрмесіндегі медицина саласы бойынша негізгі және қосалқы пән әдебиеттерімен, сөздіктер, анықтамалықтармен, электрондық оқулықтармен танысты. Студенттердің назарына «Жұқпалы аурулар», «Акушериялық және гинекологиялық операциялар», «Акушерия және гинекология бойынша тәжірибелік дағдылар», «Микробиологи», «Паталогиялық анатомия», «Ішкі аурулар пропедевтикасы» т.б. кітаптар ұсынылды.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері жаңа оқырмандарды әдебиеттерді дәстүрлі іздеу жүйесімен таныстыра отырып, электронды каталогтармен жұмыс істеудің жолдарын үйретті.