Ағылшын тілі курсы

14.09.18

Абай атындағы кітапханада 2018 жылдың 12 қыркүйегінен бастап барлық санатты оқырмандар үшін тегін түрде ағылшын тілін үйрету курсы өз жалғасын тапты. Курсқа қатысушылар арасында: мектеп оқушылары, ЖОО мен колледж студенттері, қызметкерлер, жұмыссыздар және зейнеткерлер бар. Курсқа қатысушылардың білім деңгейлері арнайы сынақпен тексеріліп, бастауыш және жалғастырушы топтарға бөлінеді. Курс 3 айға негізделген. Курс аптасына екі рет өткізіледі. Қатысушылар курстан ағылшын тілінде жазу , оқумен қатар фонетика, грамматикадан базалық білім жинақтайды. Аталмыш курста 67 кітапхана пайдаланушылары білім алуда.