Ғасырлар үндестігі Абай кітапханасы тарихында: кітапхана презентациясы

26.09.18

Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа,
Терең білім ой маржанын құясың.

Осындай сөздермен Абай атындағы кітапхананы  айтуға болады, өйткені 3 қазанда біздің кітапханамызға 135 жыл толады және ең сирек, ең қазіргі заманғы кітаптар барлық санаттағы оқырмандардың  сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Осындай айтулы күнге орай 26 қыркүйек күні кітапханамызда «Абай атындағы кітапхана тарихындағы ғасырлар үндестігі» тақырыбында кітапхананың бейне тұсаукесері өтті.

Тұсаукесердің қатысушылары Абай кітапханасына  алғаш рет келіп тұрған  К.Байсейітова атындағы қаржы-экономикалық колледжінің бірінші курс студенттері болды. Олар кітапхананың құрылған күнінен бастап, даму тарихымен, барлық бөлімдердің жұмысымен, кітап қорымен,кітапхана ұсынатын қызметтермен және кітапханаға жазылу ережелерімен танысты. Тұсаукесерде кітапханадан жырақта жүрген оқырманға өлкетану жайлы толық ақпарат беретін  кітапхана саитына виртуалды саяхат жасау басты назарда болды. Шара соңында оқырмандар сирек қордағы кітаптарға саяхат жасады.