Люди, события, факты в документах: тұсаукесер

27.09.18

2018 жылдың 26 қыркүйегінде жергілікті өлкетанушы В.Кашляктың  «Люди, события, факты в документах» атты кітабының тұсаукесері өтті.  Аталмыш іс-шараны Абай кітапханасы, «Туған қалам» қоғамдық қоры мен «Прииртышье» өлкетану қоғамы бірлесіп дайындап, Достық үйінде өткізді.

Қаламыздың тарихы , туған өлкенің таңымал тұлғалары жайлы бірнеше кітаптары шыққан өлкетанушының бұл кітабы өзінің көзі тірісінде басып шығаруға үлгермеген еңбегі болатын. Әзірше бұл кітап 200 данамен ғана шығып сирек басылым ретіңде оқырман қауымына ұсынылып отыр. Осы кітапқа енген материалдар энциклопедия ретінде қаламыздың тұрғындары мен тарихы туралы мәліметтер береді. Кітаптың шығуына «Туған қалам» қоғамдық қоры мен В.Н. Кашляктың жұбайы көп еңбек сіңірді. Аталмыш іс-шара М.Төлебаев атыңдағы музыкалық училище студенттерінің шағын концертімен және қала тарихы жайлы фотоэкспозициямен толықтырылды. Кітап авторы жайлы Исин Амантай, Исабаева Зауреш, Кадырова Лаура, Кравченко Любовь сөз сөйлеп, өз естеліктерімен бөлісті.

Тұсаукесерге Абай кітапханасы В.Н. Кашляктың еңбектерінен «Наш город глазами В.Н.Кашляка» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кеш соңында қаламыздың мәдени мекемелеріне В.Кашляктың «Люди, события, факты в документах» атты кітабы сыйға тартылды.