Рухани жаңғыру: Latyn – құнды мұра: ретро-көрме

27.09.18

27 қыркүйек күні Абай кітапханасы Семей Медициналық университетіңде өткен республикалық семинарға «Рухани жаңғыру: Latyn – құнды мұра» тақырыбындағы кең көлемді ретро-көрмесімен қатысып қайтты.

Өткен ғасырдың 1929 – 1940 жылдары жарық көріп, күні бүгінге дейін кітапхана қорында сақталған сирек қордан жасақталған «Латын қарпіндегі сирек басылымдар»  көрмесі шара қонақтарын таң қалдырды. Қатысушылар латын қарпіндегі сирек кітаптар көрмесінен түрлі ғылым саласындағы қазақ елінің сол тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін  ұлт зиялыларының зерттеулерімен, ғылыми еңбектерімен танысты.  Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 1936, 1939 жылдары жарық көрген шығармалары мен денсаулық сақтау саласы бойынша А.Маметовтың, А.Сейітовтың, А.Н. Кабановтың кітаптары медицина қызметкерлерінің үлкен қызығушылығына ие болды.

Кітапхана қызметкерлері көрмемен ғана таныстырып қоймай, сонымен қатар латын қарпіндегі QR-кітап сөресімен таңыстырып, пайдаланушылардың смартфондары мен планшеттеріне электрондық нұсқасын көшіріп алу жолдарын көрсетті.