Кітапхана мерейтойына орай кәсіби марапаттаулар

03.10.18

3 қазан Абай кітапханасының 135 жылдық мерейтойына орай «Кітапхана ардагері» медаліне құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Байкенова Гүлнар Кадыровна және оқу залының қызметкері Титова Светлана Константиновна ие болды. Сонымен қатар «Кітапхана ісінің үздігі» медаліне кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері Мальцева Ольга Феодосьевна, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Адикаева Рахиля Хажиахметовна,  шетел әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі Валиулина Асия Ринатовна ие болды. Марапаттауларды тапсыру кезінде кітапхана директоры марапат иелерінің жоғары кәсібилігін атап өтіп, кітапханалық қызметке адалдықтары үшін алғысын білдірді.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз, сіздерге шығармашылық табыстар, жарқын идеялар, тамаша көңіл-күй тілейміз.

WhatsApp Image 2018-10-03 at 13.02.24 (1)