Презентациялар технологиясы: тренинг

05.10.18

2018 жылдың 2-5 қазан аралығында Ms PowerPoint бағдарламасы бойынша тренинг өткізілді. Қатысушылар PowerPoint бағдарламасы арқылы мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізу, слайдтарды жасау жұмысымен танысты. Бұл бағдарлама қажетті мүмкіндіктерді табуға және пайдалануға, өте тартымды көрмелер жасауға көмектеседі. Тренингтен алған білімін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар берілді. Медбике, жұмыссыз ана және зейнеткер алған білімдерін оқу нәтижесінде жақсы көрсете алды: презентацияларын слайдтармен толықтырып, музыкалық қосымша мен бейне материалдар қосып жасады.