Кәсіби біліктілікті арттыру курсы: семинар-тренинг

12.10.18

Қазан айының 8-12 жұлдызы аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастырумен қоғамдық кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы  Петр Лапо жүргізді. Семинардың негізгі міндеті –  кітапхананы жаңа форматта, яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналып отырғандығын көрсету. Аталмыш семинарға біздің кітапханамыздың қызметкері М.И.Парфенович қатысты.