Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: жедел мінбе

23.10.18

23 қазан күні Абай атындағы кітапханада ҚР Президентінің жыл сайынғы кезекті Жолдауын қаламыздағы колледждер мен мектептердің кітапханашы мамандарына түсіндіру мақсатында  жедел мінбе өткізіледі.          Біздің кітапхана 2007 жылдан бастап Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауда аймақтық әдістемелік орталық болып саналады. Аталмыш іс-шараның мақсаты: Жолдауды кітапханашыларға арнайы маман-лекторлардың жан-жақты, терең түсіндіруіне, толғандырған сұрақтарына жауап алуларына ықпал ету. Шара модераторы:  кітапхананы дамыту бөлімінің кітапханашысы Слямджан Мұхамет болды

Шарамызға қаламыздағы Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Түйебаев Махмұт Мамырбекұлы және тарихшы, политолог, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Рахметуллин Аман Қапанұлы арнайы шақырылып, қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Аталмыш шарада әлеуметтік саладағы басым бағыттарға, мұғалім мәртебесіне, жемқорлықпен күрес мәселелеріне ерекше мән беріліп, слайд көрсетілімі арқылы толықтырылды..

Жедел мінбе «Президент жолдауы – болашаққа көзқарас» атты кітап көрмесімен толықтырылып, Елбасының әр жылдардағы Жолдаулары мерзімді басылым беттерінен және ғаламтордан алынып, Президенттің төл туындылары мен еңбектері қойылып шолу жасалды.