Интернет негізі: тренинг

23.10.18

2018 жылдың 16-23 қазан аралығында «Интернет және электронды пошта» оқыту тренингі өткізілді. Тренинг қатысушылардың білімдерін дамытуға қысқа мерзімді оқытулар ұйымдастыру арқылы қолдау көрсету болып табылады. Оқу барысында зейнеткерлер Интернет-технологияларды қолдануды үйрену, достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, Интернет желісінде сөйлесу, картадан керекті жерді тауып ақпарат жинау, тауарлар, заттар сатып алу, шаралар туралы ақпарат алу, кітаптар іздеп және интернетте оқу, сұхбаттарға қатысу, т.б. үйренді. Қазіргі уақытта жаңа технологияларды білу өте қажет. Интернет технологиялар бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушылардың көңілінен шықты, өздерінің өмірлерінде белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Зейнеткерлер компьютерлік сауаттылық алып, Интернет арқылы іздеу, сөйлесу, сұхбаттасуды үйреніп, тренингтен күтілетін нәтижеге жетті.