Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қасірет: көрме-ескерту

25.10.18

Облыстық «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында 25 қазан күні Абай кітапханасында Қазақстан Республикасының құқықтық құжаттары туралы ақпарат беру және сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің  маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қасірет» атты көрме жасақталды.

Аталмыш көрмеге Б.А.Жетписбаевтың «Стратегия борьбы с коррупцией», Е. Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлық», Б.В. Абдуллановтың «Глазами юриста», Г.Г.Гиздатовтың «Судебная риторика», «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы» және мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған «Заңгер», «Егемен Қазақстан», «Заң газеті»,  «Рудный Алтай», «Юридическая газета» атты мақалалар топтамалары қойылып, шолу жасалынды.
Көрме жаңа  әдебиеттер, мерзімді басылымдармен толықтырылып, жыл аяғына дейін оқырман назарына ұсынылатын болады.