Өз аралыңды тұрғыз: креативтік ойын

30.10.18

«Диалог» клубының жастар қанатының кезекті отырысы виртуалдан шынайы өмірге айналған «Өз аралыңды тұрғыз» атты креативтік ойынға арналды. Осы ойынның төрт командасына (Виктория, Infiniti, Oreo, Онамэ) ешкім аяқ баспаған аралды адамның өмір сүруіне ыңғайлы етіп жабдықтау тапсырмасы берілді. Осы ойластырған ойынды жүзеге асыру үшін, ұйымдастырушылардың көптеген құралдарын команда тобы интелектуалды және логикалық сипаттағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы сатып алу керек болды. Интеллектуалдық және логикалық тапсырмаларды команданың барлық қатысушылары орындады, қағаз лабиринтты жылдамдықпен өтті, бір үлкен сөзден көптеген сөздер ойлап тапты, ребус, кроссворд шешті. Команда жинаған ұпай сандарын күрке, киіз үй, пәтер салуға, тоғай өсіруге, қорған тұрғызуға қолдана алды. Ойын барысында аралды жабайы аңдар мен құстар шабуылы, жанартаудың атқылауы, қатты дауыл сияқты табиғи апаттардан қорғану барысында қоршау салып, бір нәрсе өсіріп қана қоймай, жақсы қорғаныс желісін салып үлгеру керек болды.

Әрбір қатысушы ойын алдында әртүрлі дағды алды. Ол дағдылардың  пайдасы да болды, кейде олар пайдасыз еді. Мысалы,  «Арсений синдромы», тіл мүкістігі мен күлкілі істер пайдасыз дағдыға жатады. Ал, пайдалы дағдыға өндіру, жылдамдық, күш және т.б. 20 дағдыны  жатқызуға болады.

Ойындағы әрбір құрылыс өз сипаттамаларынмен ерекшеленді, мысалы, тоғай басындағы үй, жыртқыш аңдар мен құстардан үйді және жиған қорды сақтауға көмектесті. Аралдағы жағдай жақсы болған сайын, команда  жеңіске жақындай түсті. Ойын кезеңі команда қатысушыларының денсаулығына, жасаған құрылыстарына әсерін тигізетін көптеген оқиғаларды қамтыды, дұрыс жағдайды таңдамағанның кесірінен, мысалы, жаңбырды таңдауда, жанып тұрған алау сөніп қалуы мүмкін еді.

Ойын нәтижесінде әрбір команданың қағаз бетінде құрылысымен, жануарларымен, өсімдіктерімен ерекшеленген  арал пайда болды, ең бастысы ол команда қатысушыларың өз аралдарың ортақ күшпен қауіпсіздіктен қорғаған, жағдай жасаған үлкен аралдық отбасыңа айналдырды.

Ойдан құрастырған ойынды шынайы өмірде қолданған клуб мүшелері – оқушылар Құрмашев Данияр, Белякин Арсений және Ұшакпаева Мадина.

Ойын қызықты, әрі креативті және ең бастысы виртуалды емес, шынайы болды. Абай атындағы кітапхана қабырғасында жұмыс істейтін әдеби салонның негізгі шынайылығы – ол балалардың қарым-қатынасы еді.