Ақын және пацифист: ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 80 жыл толуына орай

08.11.18

7 қараша күні Абай кітапханасында ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 80 – жыл толуына орай естелік кеші өтті. Кешке ақынның достары, замандастары, әріптестері: М.Р.Сұлтанбеков, Е.А.Титаев және С.У.Картоев, сонымен қатар орыс әлеуметтік-мәдени орталығының  өкілдері,  қаланың жоғары оқу орындарының филология факультетінің және қала колледждерінің студентері қатысты. Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі басшысының орынбасары  Ю.С. Пазына естелік кештің айрықша қонағы болды.

Кешке қатысушылар В.Г. Кобрин жайлы бейнежазбамен танысты. Еске алу кешінде жазушы, ақын, абайтанушы- ғалым, ҚР журналистер Одағының мүшесі, педагог, аудармашы М.Р. Сұлтанбеков және журналист, ертегіші Е.А. Титаев  ақынның поэтикалық шығармашылығымен, ал  В.Г.Кобриннің  антиядролық қызметімен «Невада-Семей» антиядролық  қозғалысының вице-президенті, коммерциялық емес ұйымдар Қауымдастығының Президенті Сұлтан Омарұлы Картоев, «Невада-Семей»  қозғалысының қатысушысы Юрий Григорьевич Якубовский және «Невада-Семей» қозғалысының сенімді дәрігері Болат Оралбайұлы Серікпаев бөлісті.

Филология факультетінің 1 курс студенттері Ада Гейн, Владлена Худякова ақынның  «Естелік», «Қорқынышты түс» атты лирикалық, пацифисттік өлеңдерін оқыды.

«Пацифист ақынның тұлғасы мен тағдыры» атты кітап көрмесінде  В.Г. Кобриннің шығармашылығы мен өміріне арналған кітаптар, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылды.