Рухани Жаңғыру: Туған жердің табиғаты: сурет сабағы

06.12.18

Сурет салу балаларға қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Ол қабылдау мен қиялды дамытады, графикалық дағдыларды үйретеді, әлемді бақылауға үйретіп, қоршаған ортаға қатысты жаңа білім береді, қолдың моторикасын дамытады. Сурет салу арқылы, бала бейнелерді елестетуге және көруге үйренеді.

Туған өлкенің табиғаты туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Туған жер» бағдарламасының аясында және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай 5 желтоқсан күні «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің қатысушыларына «Туған жердің табиғаты» атты сурет сабағы өткізілді.

Аталмыш іс-шара барысында «Шығыс Қазақстан облысының табиғаты» атты бейнебаян тамашаланып, өлке табиғаты мен қазба байлықтары жайлы мағлұмат берілді. Балалар «Мен сені сүйемін, туған өлкем!» атты кітап көрмесінде туған жердің табиғаты туралы, біздің аймағымыздың жануарлары мен өсімдіктер әлемі туралы кітаптармен танысты. Сурет сабағында үйірме қатысушылары туған өлкеміздің табиғатын өз көздерімен бейнелеп, туған жерге деген балаң сезімдерін сурет арқылы жеткізді. Балалар тек табиғат көріністерінің суретін салып қана қоймай, табиғат туралы жұмбақтар жасырып, туған жер, Отан туралы тақпақтар айтып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.