Жазушы және азамат: сұхбат алаңы

12.12.18

12 желтоқсан күні А. Солженицынның туғанына 100-жыл толуына орай «Диалог» әдеби салонының «Жазушы және азамат» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті. А.Солженицын ерекше тұлға болғандықтан,  отырыс сұхбат алаңы түрінде жүргізілді. Ол жазушы, драматург, публицист, ақын, қоғам және саяси қайраткер, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, диссидент, бірнеше ондаған жылдар бойы коммунистік идеяларға, КСРО-ның саясаты, оның билігі мен саяси құрылысына белсенді түрде қарсы шыққан тұлға.

Клуб мүшелері оның «Один день Ивана Денисовича», «В круге первом» және «Архипелаг ГУЛАГ» шығармаларын белсенді түрде талқылады. Осы шығармаларының желісімен түсірілген фильмдерден  бақыт, махаббат және парыз сөздерінің мағынасы жайлы үзінді көрсетілді. Клуб мүшелерінің қызығушылығын А. Солженицынның жеке өмірі қатты қызықтырды. Жазушы өмірін қызыққа бояған  екі әйелдің есімі Наталья деп аталады. Бір әйелмен махаббат бақытын сезінсе, екінші әйел оған көмекші, дос, балаларының анасы болды.

Пікірталас соңы дәстүрлі шәй ішумен аяқталды.