Мәңгілік ел – Мәңгілік рухани қазына: экскурсия және шолу

14.12.18

13 желтоқсан күні қаламыздағы №9 мектептің 1-10 сынып оқушылары «Абай әлеміне саяхат»  клубының аясында  кітапханамызда болып қайтты.

Аталған мектеп қабырғасында құрылған клуб қазақ тілі пәні мұғалімдерінің бастамасымен қолға алынған. Олар кітапханамыздағы «Абайдың рухани орталығында»  болып, 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басындағы Абай оқыған сирек кітаптармен танысып,  шығармашылығынан хабардар болды.

Сонымен қатар оқушылар Абайдың достары, саяси өмірі, әлемнің әр тіліне аударылған өлеңдері жайлы, 1948 жылы М.О. Әуезовтің «Абай» шығармасының қазақ тіліндегі нұсқасымен танысты,

Шараға келушілер кітапханамыздың тарихымен, бөлімдерімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш шара клуб мүшелерінің келекшекте Абай шығармашылығын терең оқып білулеріне үлкен көмек болатыны сөзсіз.