Тәуелсіздік жылнамасы: көрме – панорама

14.12.18

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Абай атындағы кітапханада «Тәуелсіздік жылнамасы» атты тақырыпта кітапхана пайдаланушылары үшін көрме-панорама ұйымдастырылды. Көрменің бірінші бөлімі «Нұрсұлтан Назарбаев – Тұңғыш Президент» деп аталып, мемлекетіміздің сыртқы және ішкі саясатын қалыптастырудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы», «Бейбітшілік кіндігі» кітаптарымен қатар, әлемге әйгілі қайраткерлік рөлі жайындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.

Көрменің екінші бөлімі «Тәуелсіз Қазақстан: саяси, экономикалық жетістік» деп аталып, бұл бөлімге Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөліне арналды «Казахстан в современном мире: реалии и перспективы», «Мировые интегарционные объединения и Казахстан: сотрудничество в условиях регионализации», «Казахстан сегодня», Кириницианов Ю. «Евразийское партнерство Идеи. Мнения. Предложения», М. Жолдасбеков «Тәуелсіздік тағылымы», «Қазақстан және әлем елдері» т.б. кітаптар қойылды. Елімізде осы жылдар аралығында қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген бағдарламалар қабылданған болатын. Аталмыш көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырылып отырған Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласымен толықтырылды.