Ағылшын тілі курсы: қорытынды

19.12.18

2018 жылдың 13-14 желтоқсан аралығында Абай кітапханасында ағылшын тілі курстарының аяқталуына арналған іс-шара өткізілді. Ағылшын тілі курсы қыркүйек айынан басталып, желтоқсан айының соңына дейін жүргізілді. Курсқа әр санаттағы оқырмандар қатысты. Атап айтқанда: студенттер, қала мектеп оқушылары мен колледж студенттері, әр сала қызметкерлері және зейнеткерлер. Курстың аяқталу рәсіміне орай қатысушылар алған білімдерін көрсету мақсатында түрлі тақырыптар бойынша жұмбақтар, өлеңдер және ағылшын тіліндегі әндерді орындады.

Курсқа қатысушыларға тест парақтары тарқатылып, жауаптарының қорытындысы бойынша қосымша білім алу үшін кітаптар мен журналдар сыйлыққа кітапхана атынан үлестірілді.

Ағылшын тілі курстарының барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.