Дербес компьютерде жұмыс жүргізу: тренинг

20.12.18

2018 жылы Абай атындағы кітапханасы компьютерлік сауаттылыққа үйрету бойынша жұмыстарын жалғастырды, биыл тренингтерге 80 адамға жуық қатысты. Аталмыш тренингтерде, он сағатта компьютер негіздерін меңгеруден басқа, пайдаланушылар электронды үкімет порталымен жұмысты игере алды. Осылайша, біз еліміздің цифрландыру бағдарламасына өз үлесімізді қосамыз. Міне, 11-19 желтоқсан аралығында үш жұмыссыздарға арнайы тренинг өткізілді. Қатысушылар тренингте арнайы бағдарламаларда жұмыс жүргізу, мәтіндік редакторларда, Excel бағдарламасында графика, кесте жасау, Windows жүйесін меңгеру жұмыстарымен, Интернет қосымшаларымен және «Электронды үкімет» порталымен танысты. Білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар жүргізілді. Қатысушылар алған білімдерін өздерінің болашақ жұмыстарында және жеке өмірінде жақсы қолдана алады деп сенеміз.