Рождестволық ертегі: конкурстық ойындар

25.12.18

25 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада христиан әлемінің басты мерекесі – Рождество мейрамына орай «Рождестволық ертегі» тақырыбында байқау ойындары ұйымдастырылды. Іс-шараға қаладағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 2 курсы студенттері қатысты. Қатысушылар аталмыш мейрамның тарихымен таныса отырып, мейрамда жасалатын ырымдар мен дәстүрлерден құлағдар болды. Студенттер ағылшын тілінде ұйымдастырылған «Christmas. Holiday Stories» , «I wish you a Merry Christmas». Тілек айту,сөз құрастыру байқауларына белсенді түрде қатысты. Іс-шара соңында келушілер Рождество мейрамына арналған «I wish you a Merry Christmas», «Jungle bells», «..I’m wishing on a star» әндерін орындады. Шара соңында барлық қатысушылар бір-бірлеріне үйден дайындап келген сыйлықтарын тарту етісіп, дәстүрлі түрде мерекелік тәттілерден дәм татты.