Кітап әлеміне қош келдіңіздер: танымдық экскурсия

17.01.19

17 қаңтар күні кітапханамызда қаламыздағы ЖББО №2 мектептің оқушылары экскурсияда болып, балалар кітапхана тарихымен, кітап қорындағы кітаптар және мерзімді басылымдар туралы ақпараттар алып, кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. Оқушылар Абайдың рухани орталығында болып, ақынның мұрасымен, әлем тілдеріндегі шығармалары туралы мағлұмат алды. Танымдық экскурсияның екінші бөлімінде оқушылар Семей өңірінің ақын-жазушылары жайлы мәліметтер алып, сөздіктер, анықтамалықтармен, электрондық оқулықтармен танысты. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығындағы латын әліпбиімен жарияланған әдебиеттерге шолу жасалынды. Шара барысында оқушыларға «Сен білесің бе?», «Ойлан тап», «Сөз құрастыру» сияқты викториналар мен танымдық сайыстар өткізілді. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, барлық қатысушылар сайыстарға белсене қатысып, өздерінің білімдерін көрсетіп, ойларын жеткізе білді. Белсенділік танытқан оқушыларға сыйлыққа кітаптар табысталды.