Интернетте сұхбаттасу: тренинг

22.01.19

2019 жылдың 15-21 қаңтар аралығында жұмыссыздар үшін Интернет-технологиялары бойынша оқыту тренингі өткізілді. Оқу барысында қатысушылар достарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау үшін Интернет желісін қолдану, сөйлесу, т.б. үйренді. Тренингтің құрылымы – электронды пошта, әлеуметтік желілер, Электронды үкімет және Интернет арқылы сұхбаттасу сияқты бөлімдерден тұрады. «Электронды үкімет» порталы бойынша «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу», «Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама алу» бөлімдеріне ерекше назар аударылды. Интернет-технологиялары бойынша ұйымдастырылған оқыту қатысушылардың көңілдерінен шықты. Жұмыссыздар компьютерлік сауаттылық алып, Интернет арқылы іздеу, сөйлесу, сұхбаттасуды үйреніп, тренингтен күтілетін нәтижеге жетті.