Қазақтың Қанышын әлемге танытқан: кездесу кеші

24.01.19

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Семей қ. Назарбаев зияткерлік мектебінде Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Медеу Сәрсекемен кездесу кеші өтті. Аталмыш іс-шараға шәкірттермен қатар мектеп ұжымы, ұстаздар мен тәрбиешілер қатысты.

Кеш шымылдығы Медеу Сәрсекенің шығармашылығы жайлы бейнематериалмен ашылып,  Қаныш Сәтпаев жайлы ғұмырнама жазу барысында Қаныш ағаның жұбайы Таисия Алексеевнамен кездескен сәті сахналанумен жалғасты. Шараға қатысушылар жазушы естеліктері мен шығармашылық жолын жазушының өз аузынан естіп, қызықты әңгіме-сұхбат құрды.

Аталмыш шара соңында жазушы оқушыларға өз батасын беріп, аталық ақыл кеңесін айтып, қолтаңбасы қойылған кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты. Кездесуді Абай атындағы кітапхана қорында сақталған жазушы шығармаларынан жинақталған кітап көрмесі толықтырды.