«Абай әлемі» кітаптар топтамасы: кітап көрмесі

24.01.19

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 24 қаңтар күні жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мақсатында төрт күндік семинар-тренинг басталды. Тренинг қатысушыларына «Абай әлемі» топтамасы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып, авторлардың портретімен көмкерілген жаңа кітаптар экспозициясы ұсынылды. Ұлы ақын А.Құнанбайұлының, ақын-философ Ш.Құдайбердіұлы шығармаларының 1-2 томы, орыс жазушысы А.Кимнің аудармасымен ұлы жазушы М.Әуезовтің «Путь Абая» роман-эпопеясымен танысқан қатысушылар, Қазақстанның тұңғыш Халық ақыны атанған Т.Көбдікұлының «Атандым өз тұсымда ақын Төлеу» шығармасына аса қызығушылық танытты. Сонымен қатар орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевскийдің «Семипалатинский период» шығармасы мен Әміре әнші туралы «Әнші Әміре» естеліктер жинағы, балалар жазушысы М.Қабанбаевтың шығармалары, М.Сәрсекенің «Взрыв», «Клад», А.Ивановтың «Тени исчезают в полдень» романдары мен Б.Щербаковтың шығармалары қатысушыларға үлкен әсер қалдырып, ұлттық әдебиетіміз арқылы жастардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында аталмыш кітап көрмелердің алатын орны ерекше екендігін айтып пікір білдірді.