Оқу әлеміндегі мерейтойлар: әдеби ойын

25.01.19

2019 жылы көптеген қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың мерейтойлары аталып өтіледі: С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ф.Оңғарсынова, А.Пушкин, Н.Гоголь, М.Лермонтов, А.Ахматова, В.Шекспир, Ф.Купер, Э.Хемингуэй және т.б.
25 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада аталмыш жазушылардың мерейтойларына орай «Портреттер сөйлейді», «Жазушылар өмірінің қызықты оқиғалары», «Мерейгерлердің кітаптары» және ағылшын драматургы У.Шекспирдің 445 жылдығына орай «Шекспир жұмбағы» атты әдеби байқаулар ұйымдастырылып, өткізілді.

Әдеби ойындарға қатысқан «Қайнар» колледжінің студенттері мерейгер ақын-жазушылардың кітап көрмесімен кеңінен таныса отырып, Шекспир шығармашылығына арналған бейнеоликті тамашалады. Шара барысында қатысушылар кітапқа деген қызығушылықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Ойын соңында белсенділік танытқан студенттерге сыйлық ретінде кітаптар табысталды.