Тұзды қамырдан жасалған бұйымдар: шеберлік сағаты

25.01.19

25 қаңтар күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері «Шебер қолдар» үйірмесінің аясында тұзды қамырдан бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шеберлік сағатын кітапхананың тұрақты оқырманы Зубкова Светлана Александровна өткізді.

Қамырдан бұйымдар жасау – өте ежелгі дәстүр болғанымен, қазіргі заманда өз қолымен жасалған бұйым ретінде жоғары бағаланады. Қамырдан бұйым жасау үлкенге де, кішіге де қызықты. Тұзды қамырдан әртүрлі композицияларды жасауға, сонымен қатар түрлі түстерге бояуға болады. Бұл жолы бүлдіршіндер есік алдындағы итті, үйшікті және ауладағы табиғаттың бейнесін жасады. Тұзды қамырдан бұйымдар жасау – адамға қызығушылық пен қуаныш сыйлайды. Мұндай шеберлік сағаттары бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін дамытуға, қол еңбегін меңгеруге, төзімділікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыруға көмектеседі.
Шара нәтижесінде балалар өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, іскерлікке, икемділікке, шеберлікке үйренді. Шеберлік сағаты соңында бүлдіршіндер өз жұмыстарымен бірге естелік суретке түсіп, ата-аналары кітапхана қызметкерлері мен кітапхана еріктісі Светлана Александровнаға өз алғыстарын білдірді.