Өмір өрнегі: ән кеші

30.01.19

27 қаңтар күні Абай кітапханасында «Кілт» авторлық әндер клубының кезекті ән кеші өтті. Кеш белгілі совет актері және автор-орындаушы, өзінің қысқа өмірінде 600-ден астам ән жазған Владимир Семенович Высоцкийдің шығармашылығына арналды. Авторға деген құрметтің дәлелі болса керек, шараға 90-нан аса қала тұрғындары қатысты. Көрермендер назарына кітапхана волонтері Олег Зарчиков құрастырған В.С.Высоцкийдің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнефильм ұсынылды. Кеште Высоцкийдің әндері орындалып, өлеңдері оқылды. Высоцкийдің әндері шынайы өмірден алынған: лирикалық, әзіл-қалжын, философиялық жанрларда жазылғандығы оның өзіндік бірегейлігін көрсетеді. Кеңес Одағында Владимир Семенович танымалдығы жағынан Ю. Гагариннен кейін екінші орында тұрады. Ол туралы өз естеліктерін – қарапайым жұмысшы да, белгілі спорт шеберлері де, жоғары лауазымды басшылар да жазған.

Сондай-ақ, осы ән кешінде 60 – 80 жылдардағы эстрада әндерімен қоса, Алексей Сумароков, Вадим Син, Александр Пашкевич, Николай Бочаров сынды Семейлік автор-орындаушылардың әндері шырқалып, шара қонақтарының ризашылығына ие болды.