Мартин Лютер Кинг: ақпараттық сағат

30.01.19

22 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада АҚШ-тың белсенді қайраткері, азаматтық құқықтар мен бостандықтары жөніндегі күресін басқарған Мартину Лютеруге арналған ақпараттық сағат өткізілді. Кездесу барысында пікірталас өткізіліп, афроамерикандықтардың құқығы үшін күрескен қайраткер, Нобель сыйлығының лауреаты Мартин Лютер Кинг туралы қызықты ақпараттар ұсынылды. Іс-шара ағылшын тілі курсы тыңдаушыларының түрлі топтары арасында өткізілді. Шараға қатысушылардың назарына Мартин Лютердің өмірі мен шығармашылығы туралы Дэвид Гарроудің «Неся крест» романы, Труди Стрейннің «День Мартин Лютер Кинг» және «Американские праздники» т.б. кітаптар мен ағылшын тіліндегі мерзімді басылым мақалаларынан жасақталған көрме ұсынылып, шолу жасалынды. Барлығы кітап көрмесіне 20-дан астам басылымдар қойылды.

Шараға қатысушыларға тапсырмалары бар үлестірме материалдар таратылып, викториналар ойнатылды. Іс-шараның ең белсенді қатысушыларына сыйлыққа кітаптар табысталды. Олардың арасында Г.Ақылтаева, Р.Рысқалиева және М.Ирсалиева сияқты кітапхананың белсенді пайдаланушылары бар.