Қазақ киносының саңлағы: көрме

15.02.19

15 ақпан  күні  кітапхана қызметкерлері М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен дәстүрлі түрде бірлесе отырып,   актер, режиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Кежетайұлы Аймановтың 105 жылдығына орай «Шәкен жұлдыздары» атты байқау ұйымдастырды. Үш кезеңді қамтитын шара барысында қатысушылар Шәкен Айманов фильмдерін зерттеу, фильмдерін жарнамалау және фильмдерінен саундтрек орындады.  Кітапхана қызметкерлері «Қазақ киносының саңлағы»  кітап көрмесін ұйымдастырып, ұлы режиссердың өмірі мен шығармашылығына арналған викторина ұйымдастырды. Сахна саңлағы туралы кітап көрмесімен таныса отырып қатысушылар өнер майталманы жайлы білімдерін толықтырып, белсене жауап берді.

Көрмеде актердің өмірінен сыр шертетін фотоматериалдар, құжаттар, марапаттар, Шәкен Аймановтың өмірінің әр кезеңінде театр сахнасында сомдаған түрлі кейіпкер бейнесінде, кино түсірілімдері кезінде түскен көптеген  кітаптары мен мерзімді басылым беттерінде жарық өрген мақалалар топтамалары қамтылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалынды.