И.А.Крылов мысалдарының сарынымен: әдеби-ойын бағдарламасы
21 ақпан күні кітапхана қызметкерлері №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне орыс жазушысы, ақын, мысалшы И.А.Крыловтың туғанына 250-жыл толуына орай «И.А.Крылов мысалдарының сарынымен» атты әдеби-ойын бағдарламасын өткізді. Шара барысында балаларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат берілді. Жас жеткіншектерге жазушы туралы деректі және «Ворона и лисица», «Кукушка и петух» мультипликациялық фильмдері көрсетіліп, И.Крыловтың мысалдары бойынша викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Әдеби-ойын бағдарламасы барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері аса қызығушылықпен дайындалып, асқан шеберлікпен «Квартет» мысалынан үзінді көрсетті. Кітап қорындағы жазушының шығармалары және жазушы туралы мерзімді басылымдар беттерінен алынған мақалалардан тұратын «Мысалдарымен танылған тұлға …» атты кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалынды.