Өткенге қайта оралу: танымдық сағаты
Бүгінгі күні қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшіру тақырыбы Қазақстан халқының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады және Абай кітапханасы осы бағытта белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде.
Кез-келген кітапхананың мақтанышы кітап қорының алтын қорын құрайтын сирек кітаптар қоры екені айдан анық. 1929 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде латын графикасында жарық көрген қазақ тіліндегі басылымдар осы алтын қордың негізі болып табылады.
21 ақпан күні Геодезия және картография колледжінің студенттері үшін кітапхана қызметкерлері «Өткенге қайта оралу» атты танымдық сағатын өткізді. Іс-шара барысында студенттерге латын әліпбиіне және оның артықшылықтарына, жаңа әліпбиге өту тақырыбының өзектілігі туралы айтылды.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстан аумағында өткен ғасырдың 30-шы жылдары латын әліпбиі пайдаланылғанын, қазіргі әліпбиден айырмашылығын, жиырмасыншы ғасырдың басында латын қарпімен жарық көріп, бүгінгі таңда кітапхана қорында сақталған шығармалармен және оның авторларының тағдырымен танысты. Бұл қазақ, орыс және татар авторларының мерзімді басылымдары, Алаш арыстарының еңбектері, оқулықтар мен әдеби шығармалар.
Танымдық сағаттың екінші жартысында «Не ортақ?», «Әкел бесті», «Эмодзи», «Google аудармашы» сынды логикалық ойындар ұйымдастырылды. «Google аудармашы» ойынында студенттер қазақ әліпбиінде жазылған сөздер мен сөз тіркестерін латын қарпіне аудару арқылы тақырыпты бекітті.