Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Ақп 22

Интернетте ақпаратты іздестіру және сөйлесу: тренинг

Интернет технологиялары бойынша тренинг 2019 жылғы 18-22 ақпан аралығында өткізілді. Шараға бес зейнеткер қатысты. Қатысушылар тренингте Интернет негізін меңгерді, электронды жашікте тіркелу және Интернет жүйесінде іздеу жүргізу жұмыстары, «Электронды үкімет» порталымен танысты, Интернет-технологияларды қолдануды, достарымен, туыстарымен Интернет желісінде сөйлесуді үйренді. Зейнеткерлер егде жасының қиыншылықтарына қарамастан, біздің тренингтен кейін өздерін қазіргі өмірден қалып қойғандай сезінбейді деп үміттенеміз. Интернет егде адамдарға қолжетімді болғаны – бұл қазіргі заманның жетістігі.