Кітапхана кештері: интеллектуалдық ойын

25.02.19

22 ақпан күні Абай кітапханасының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінде «Кітапхана кештері» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойынға аталмыш мектептің 7-ші сыныбынан құралған «Тұлпар» және «Бәйтерек» топтары қатысты. Ойын «Әкел бесті», «Апельсин», «Не ортақ?», «Эмодзи», «Білімді мыңды жығар» атты 5 кезеңге бөлінді. Тартысты ойын барысында қатысушы топтар кітап, кино, өнер, спорт және музыка саласына қатысы бар сұрақтарға жауап беріп, өзара мықтыны анықтады. Ойынның ең тартысты тұсы «Эмодзи» кезеңінде ойыншылар смайликтер арқылы жасырылған киноларды табудан жарысса, «Білімді мыңды жығар» кезеңінде кириллицамен берілген сөз тіркестерін  латын қарпіне аударудан бақ сынасты. Ойынды қорытындылай келе, 155 те 160 есебімен «Бәйтерек» тобы жеңіске жетті. Ойын соңында оқушылар сайыстан алған әсерлерімен бөлісіп, қай сұрақ өздеріне қызықты немесе қиын болғанын айтты.