18

Кітап – алтын қазына: әдеби-сазды библиокеруен

Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтарға арналған арнайы Семей кітапханасы Зағиптар қалашығында «Кітап алтын қазына» әдеби-сазды библиокеруен ұйымдастырып қатысушыларға «Оқитын өлке» акциясы жайлы ақпарат берілді.

Өткізілген күні: 2013 жыл 14 маусым. Өткізілген орны: Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтарға арналған арнайы Семей кітапханасы Зағиптар қалашығында. Қатысушылар: қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары. Қатысушылар саны: 25 адам. Шараның мақсаты: қатысушыларды салауатты өмір салтына баулу, кітап оқуға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: кітапхана қорын насихаттау арқылы қажетті кітаптарын ала алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып, кітапханаға оқырмандарды тарту.
18

Зағиптар және көздері нашар көретін азаматтарға арналған арнайы Семей кітапханасы Зағиптар қалашығында «Кітап алтын қазына» әдеби-сазды библиокеруен ұйымдастырып қатысушыларға «Оқитын өлке» акциясы жайлы ақпарат берілді. Кітапхананың жас оқырмандары Құрманғазының «Сары-Арқа» күйін тартып, өнерлерін көрсетіп ақцияға көрік берді. Ақын Жұманов Бикен Балташұлы Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқып, акция кітап туралы мақал-мәтелдерден викториналық ойындармен жалғасты. «Оралхан Бөкей – көркем сөз құлагері», «Шәкәрәм – қазақ айнасы» және көздері нашар көретін ақындардың кітаптары мен арнайы әдеби кітаптардан кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Табиғат Ана туралы кім көп біледі?» атты экологиялық викторина өткізіліп, ерекше көзге түскен белсенді балаларға сый-сияпат берілді.