Біздің қонақтар
Көктемнің алғашқы сенбісі 2 наурызда Абай атындағы кітапханада Бесқарағай ауданы, Глуховка орта мектебінің ұстаздары мен 5-7 сынып оқушылары экскурсияда болып қайтты. Кітапхана бөлімдері және тарихымен танысқаннан кейін оқушылар Абайдың рухани орталығында болып, ақынның мұрасымен, әлем тілдеріндегі шығармалары туралы мағлұматтар алды. Танымдық экскурсияның екінші бөлімінде оқушылар Семей өңірінің ақын-жазушылары жайлы мәлімет алып, негізгі және қосалқы пән әдебиеттерімен, сөздіктер, анықтамалықтармен, электрондық оқулықтармен танысты. Балалар әдебиеті бөліміндегі танымдық басылымдар мен көркем әдебиеттер оқушылардың үлкен қызығушылығын танытты. Оқушылардың назарына «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған шығармалар, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті «Қызықты эрудит энциклопедиясы», «Қазақстандық балалар энциклопедиясы», «Бұл не? Ол кім?», «Сұрақ және жауап» т.б энциклопедиялар ұсынылды.