Дербес компьютерде жұмыс жүргізу: тренинг

04.03.19

2019 жылы Абай атындағы кітапханасы еліміздің цифрландыру бағдарламасына өз үлесін қосып, компьютерлік сауаттылыққа үйрету жұмыстарын жалғастырды. 25-28 ақпан аралығында «Дербес компьютерде жұмыс жүргізу» тренингі өткізілді. Қатысушылар тренингте арнайы бағдарламаларда жұмыс жүргізу, мәтіндік редакторларда, Excel бағдарламасында графика, кесте жасау, Windows жүйесін меңгеру жұмыстарымен, Интернет қосымшаларымен және «Электронды үкімет» порталымен танысты. Білімдерін нақтылау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар жүргізілді. Он сағатта компьютер негіздерін меңгеруден басқа, пайдаланушылар электронды үкімет порталымен жұмысты игере алды. Қатысушылар алған білімдерін өздерінің болашақ жұмыстарында және жеке өмірінде жақсы қолдана алады деп сенеміз.