Ақын-жазушылар кітаптарында жырланған әйелдер: әдеби қонақжай

06.03.19

Кез келген әйел үшін 8-ші Наурыз мерекесі өзін әйел, ана сезінетін күн. 6 наурыз күні «Диалог» әдеби салонының аясында «Ақын-жазушылар кітаптарында жырланған әйелдер» атты әдеби қонақжайы осы күнге арналды.

Қатысушыларға аты әлемге әйгілі ұлы әйелдер, атап айтқанда Бибігүл Төлегенова, Екатерина II, Томирис, Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Марие Антуанетте және тарихта, саясатта, өнерде ерекше із қалдырған және жай ғана кітап жазу үшін муза болған көптеген басқа да әйелдер жайлы презентация, бейнероликтер көрсетіліп, кітаптарға шолу жасалды.
Михаил Булгаковтың «Маргаритасы», Э.М. Ремарктың «Салтанат қақпасындағы» Жоан Маду-Марлен Дитрих және Ф.С. Фицджеральдтың «Нәзік түніндегі» Николь тағдыры қатысушылардың жан-дүниесін қозғады. Клуб қатысушылары шәй іше отырып осы кейіпкерлерді талқылауды жалғастырды.

Құрметті біздің оқырмандар, Сіздерді келе жатқан
8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтаймыз!