Дариға-ай театры: асқан асулар, жаңа белестер: шығармашылық кездесу

19.03.19

«Дариға-ай» жастар театрының құрылғанына 20 жыл толуына орай 19 наурыз күні Абай кітапханасында театр ұжымымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

Шығармашылық кездесу барысында «Дариға-ай» жастар театрының директоры А.Бахтинов, сахна тілі маманы М. Алеапрова, әдеби бөлім меңгерушісі  Г.Құдайбергенова театрдың іргетасы қаланған уақыттан бастап, асқан асулары мен биік белестері, сахналық қойылымдар, ең үздік рөлдер, сахналық бейне жасаудағы актерлік ізденістер туралы ойларымен бөлісті. Бейнесюжет пен слайд дайындалып, көрермен назарына ұсынылды. Театр актерлары сахна өнеріне қатысты логикалық сұрақтарға жауап беріп қана қоймай,  «Ричард III» спектакльінен үзінді көрсетті.

Кездесу барысында педагогикалық колледждің студенттері Мерей Картовтың қаламынан туындаған арнауды арнаса, Қалалық Мәдениет сарайының әншісі, МУЗарт LIFE жобасының қатысушысы Береке Слямқұл өз репертуарынан ән шырқап, Наталья Николаевна басқарған би тобының бишілері тамаша  биімен көрермендерді тәнті етті.

Шараға М. Сұлтанбеков, М. Мұхамедиұлы қонақ ретінде  қатысып, театрдың жетістіктері туралы әңгімелеп, шалқар шабыт пен шығармашылық табыстар тіледі.

Сонымен қатар «Дариға-ай: асқан асулар, жаңа белестер» атты арнайы жасақталған кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, 20 жылда мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған  мақалалар қойылды. Шығармашылық кездесуге М. Төлебаев атындағы музыкалық училищенің, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері, «Жастар» колледжінің студенттері,  кітапхана пайдаланушылары қатысты.