Кітапханадағы квартирник: ән кеші

02.04.19

Абай атындағы кітапханада «Кілт» авторлық клубының ұйымдастырумен гитараға негізделген саз кеші өтті. Клуб жаңа орындаушылармен толықтырылып,  музыкалық диапазонын кеңейтті. Клубтың  “Квартирник кітапханада”  жаңа афишасы бекітіліп, визит карточкасы белгіленді.

«Квартиник»  өткен ғасырдың  80-ші жылдары пайда болған болатын, дегенмен, қазіргі уақытта  шығармашылық қажеттілігі ауадай  сезіліп өмірге жаңалық болып қайта енді. Бұл қарапайым адамдардың кәсіпқой  шығармашылық мүмкіндіктерін жандандыру бағытындағы идея.

Кеш тақырыбы – әр жылдардағы кеңес және посткеңестік кезеңдердегі кинофильмдерден орындалған  әндер болды.   “Бауыр”, “Петербург бандасы”, “Гардемариндер, алға”, “Тағдыр тәлкегі не болмаса жеңіл буыңмен”,   “Әйелді қорғаңдар”,  “12 орындық”  т.б. кинофильмдерінен әндер орындалды. Актер Сергей Бодровтың айтуынша: ” Уайым – қайғысы жоқ, балалық шақ ең бақытты кезең».  Кеңес Одағының балалары шын мәнінде бұл тұрғыда бақытты болды,  өйткені, балаларға арналған керемет фильмдер мен  әндерге  сусындап өсті.  Кеш барысында ересек музыканттар  өз  балалық шақтарынан:  “Менің достарым менімен бірге”, “Өзгеріс уақыты”, “Брадобрей”,  “Біз кішкентай баламыз»  т.б. өткен шақтың сазды әндерімен тыңдаушыларды ұйытты. Орындаушылар ән мен әнді сүйетін  түрлі мамандық иелері.  Олар кітапханада наурыз айының соңғы күнінде қараокеде жанды дауыспен  көрермендермен  бірге махаббат, әйел, көктем туралы әндер шырқады. Сөз арасында  айта кету керек,  қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және Түркістан-Сібір темір жолы туралы түсірілген кино 1929 жылы тұңғыш рет Семей қаласында көрсетілген екен.