Қаламыздағы көне сәулет ескерткіштері: өлкетану қонақжайы

02.04.19

30 наурыз күні Абай атындағы кітапханада «Прииртышье» қоғамдық ұйымымен «Қаламыздағы көне сәулет ескерткіштері» тақырыбында өлкетану қонақжайының кезекті мәдени шарасы өткізілді.

Аталмыш шара қаламыздағы «Альфа Марино» шығармашылық студиясының балаларына арналып ұйымдастырылды. Студияда балалар көркем суретпен айналысады, бүгінгі күні  қаламыздағы тарихи орындардың кескіндерін (карта) салу жобасымен айналысуды жоспарлап отыр.

Балалар кітапханада болған экскурсиядан тарихи орындардың екі ғасыр бойы қандай ғимараттарда орналасқанын біліп, Абай, Шәкәрім, Е.П.Михаэлис, Н. Коншин, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев, Қ. Мұхамедханов сияқты тұлғалар жөнінде мағлұматтар алды. Сонымен қатар «Абайдың рухани орталығында» болып, кітапханың сирек қорымен танысты.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы көне сәулет ескеркіштері жайлы қаламыздың өлкетанушылары В.Боровинский, Л.П.Южакова, Н.В.Рыковалар әңгімелеп берді.

Қатысушылар қаламыздағы бүгінгі күнге жеткен бірақ сақталмаған тарихи мәдени орындарды сирек фотосуреттер арқылы көрді. Абай көшесі арқылы серуен жасай отырып, бірнеше сәулет  ескерткіштерді: губернатор үйі, қазір қалалық бақ (Медицина академиясы), ерлер гимназиясы (КазГЗИУ), Знаменский шіркеуі, Ямышев қақпасын көріп, тамашалады.

Балалар қала тарихында  көне заманда будда шатырлары тұрған, бүгінгі қамалдың 250 жылдығына арнайы қойылған стелла орнымен танысып көне тарихқа қадам жасап, өздеріне көптеген тарихи жаңалықтар ашты.