Жастар не оқуы керек: ақпараттық брифинг

04.04.19

Қазіргі таңда жастардың патриоттық және рухани дамуы  маңызды міндет болып табылады, осы орайда 4 сәуір күні Абай кітапханасы  2098 әскери бөлімінде  «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және Жастар жылы  аясында «Жастар не оқуы керек» тақырыбында ақпараттық брифинг өткізді.

Іс-шара барысында, бүгінгі таңда жастар не оқиды, қандай тақырыптар олар үшін қызықты, маңызды болып табылады деген сұрақ талқыланды. Аудиториямен кітап оқу сәнді және қажет, көп немесе рухани  байытатын  кітаптар оқу керек деген мәселелер талқыланды. «Сіздің дүниетанымыңыз және мәдениетіңіз сіздің оқыған  кітабыңыздің санына немесе түсінігінізге тәуелді» деген сұраққа көптеген қызықты пікірлер айтылды, мысалы кітаптың 50 бетін оқып, өз ойыңыз өзінізде болса, онда ештеңеде ойыңызда қалмайды, ал оқыған кітабыңды талдап, қызықты тұстарына белгі жасап оқысаңыз, оқыған кітабыңыз есіңізде қалып қояды.

«Арманға 71 күнде жету жолы»  атты челлендж аудиторияны қатты қызықтырды. Әрбір қатысушыға өз алдына жеке мақсат қою аталмыш челлендждің мәні болып табылады. Мақсат бойынша күніне 50 бет, немесе бір аптада бір кітап, бір айда он кітап оқылуы тиіс.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Абай әлемі» кітаптар топтамасы аясында 2018 жылы шыққан 16 кітапқа және осы сериямен 2019 жылы шығатын кітаптарға шолу жасалды. Шолу барысында А.Байтұрсынов жазған Абай өмірбаяны туралы жазылған  қызықты мәліметтері, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы, Әміре Қашаубаевтың Париждегі шыңы, Ф.М.Достоевскийдің Семей кезеңі, М.Сәрсеке шығармаларындағы қарапайым жұмысшылардың өмірлері, күмән жоқ барша қатысушыларды қызықтырды.

Кітап көрмесі мен «Абай әлемі»  бейне-презентациясы шараны толықтыра түсті.