Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: дәріс

05.04.19

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.

Жастар өздеріне қарсы қандай да бір заңға қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері керек. Осы орайда 5 сәуір күні Абай кітапханасында Көлік колледжінің студенттеріне арнап «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында  дәріс өткізілді.

Шара жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу мақсатына бағытталған.

Шара барысында кітапха қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына,  мемлекеттік қызмет, қоғам, мемлекеттік бағдарламалар жайында тың ақпараттар берді. Семейдің «Трансойл» АҚ сақтандыру компаниясының директоры  Джакимбаев Мұратхан Кажитайұлы қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатқандығы, заң жүзінде қалай жауапқа тартылатындығы туралы баяндады. Сонымен қатар  студенттер назарына жемқорлықпен күрес, оның алдын алу жолдары туралы бейнесюжет ұсынылып, дәріске арнайы  «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қасірет» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР заңы, Е. Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика», Б.А. Жетписбаеваның «Стратегия борьбы с коррупцией» т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар қойылды.