Кітап оқу сәнді: кітап көрмесі

17.04.19

17 сәуір күні Абай атындағы кітапханада 23 сәуір жыл сайын атап өтілетін дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне байланысты «Кітап оқу – сәнді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің медиалық мақсаты: қазақстандық авторлардың ең үздік шығармаларын оқырмандардың әртүрлі топтары арасында насихаттау болып табылады.
Көрмеде қазақстандық авторлардың кітаптарына ерекше назар аударылды, олардың ішінде жас немесе бұрын белгісіз авторларды атап өтуге болады: А.Омар «Ранние холода», М.Қоңыров «Десять жизней Успена», Е. Қуанышев «Ярость самурая», А.Ысмайылов «Нәзіктік Сыры», Б.Мукаи «Можжевеловый куст», С.Елубай «Одинокая юрта», Т.Әбдікұлы «Разума пылающая война» және т.б. авторлар. Осылайша аталмыш басылымдар көрмесіне танымал кітаптармен қатар оқырмандар ұмытқан кітаптар қойылды.
Кітап көрмесіндегі негізгі акцент ежелгі түркі мифологиясына негізделген Қазақстан мен қазіргі өмір туралы әңгімелер енген «Ранние холода» кітабына жасалды. «Жалғыз киіз үй» трилогиясынан оқырмандар Қазақстанның 1930 жылдардағы ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін және Ұлы Отан соғысы сияқты қиын жылдары туралы мағлұматтанды, осындай тағдыр тәлкегін автор басты кейіпкерлер Хансұлу мен оның отбасы арқылы бейнелеген. Сондай-ақ, оқырмандарға эсселік новеллалармен ұштастырылған travel-эссе жанрында жазылған «Нәзіктік Сыры» кітабы ұсынылды. Әр түрлі жанрдағы жасақталған көрмеде пайдаланушыларды «Разума пылающая война» атты кітап ерекше қызығушыларын туғызды. Кітап көрмесіне қаламыздың колледж студенттері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Көрме сәуір айының аяғына дейін қызмет көрсетеді. 
.