Досыңды кітапханаға жаз да сыйлық ал акциясы

18.04.19

10- 18 сәуір аралығында Абай кітапханасында «Досыңды кітапханаға жаз да сыйлық ал» акциясы ұйымдастырылған болатын. Көрсетілген кезең аралығында кітапханаға келген әр оқырман өзімен бірге бір немесе бірнеше достарын алып келіп, кітапханаға жазатын болса, кітапхана атынан сыйлыққа ие болмақ. Мақсатымыз заман талабына сай, салауатты, қоғам дамуымен бірге дамыған саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың бойына руханилықты сіңіру.

Кітапханамызда ұйымдастырылатын акциялар арқылы жалпы кітап оқу мәселесін көтерумен бірге, оқырман санын арттырып, кітап әлемніне енуге бағыттау. Акцияның қортындысы бойынша 10-18 сәуір аралығында кітапханамызға 25 оқырман жазылып, кітапханамыздың тұрақты оқырмандарына айналды. Әскери зейнерткер А. Еркешов, Шәкәрім университетінің студенттері К. Байчиева, Н. Әбенова, Медициналық университетінің студенті Қ. Еркіновтер ең көп оқырман алып келіп, кітапхана атынан сыйлықтарға ие болды. Жалпы жеке тұлға қалыптастыруда аталмыш шаралардың алатын орны ерекше.