«Абай әлемі» кітаптар топтамасының таныстырылымы

19.04.19

19 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев бүгін Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Абай атындағығы кітапхана ұсынған «Абай әлемі» кең көлемді кітап көрмесінің жұмысымен танысты. «Абай әлемі» кітаптар топтамасы – «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында Қазақстананның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал етуге, туған өлкемізден шыққан ұлы тұлғаларымыз бен ақын-жазушыларымыздың туындыларын қайта жаңғыртып шығаруға, тұлғаларымыздың атын әйгілеуге, көркем әдебиет арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған бес жылға арналған әдеби жоба.

«Абай әлемі» топтамасы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып, авторлардың портретімен көмкерілген жаңа кітаптар экспозициясы ұсынылды. Ұлы ақын А.Құнанбайұлының, ақын-философ Ш.Құдайбердіұлы шығармаларының 1-2 томы, орыс жазушысы А.Кимнің аудармасымен ұлы жазушы М.Әуезовтің «Путь Абая» роман-эпопеясымен танысқан қатысушылар, Қазақстанның тұңғыш Халық ақыны атанған Т.Көбдікұлының «Атандым өз тұсымда ақын Төлеу» шығармасына аса қызығушылық танытты. Сонымен қатар орыстың ұлы жазушысы Ф.Достоевскийдің «Семипалатинский период» шығармасы мен Әміре әнші туралы «Әнші Әміре» естеліктер жинағы, балалар жазушысы М.Қабанбаевтың шығармалары, М.Сәрсекенің «Взрыв», «Клад», А.Ивановтың «Тени исчезают в полдень» романдары мен Б.Щербаковтың шығармалары қатысушыларға үлкен әсер қалдырып, ұлттық әдебиетіміз арқылы жастардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында аталмыш кітап көрмелердің алатын орны ерекше екендігін айтып пікір білдірді.