Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры»: оқырмандар конференциясы

24.04.19

2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитеті Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен  Әбділда Тәжібаевтың өлеңдерін таңдап алды.

24 сәуір күні  Абай атындағы әмбебап кітапханасы акция аясында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясын  ұйымдастырды. Конференцияға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті филология факультетінің,  М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжініңң студенттері қатысты.

1978 жылы қаламгердің «Аңыздың ақыры» романы алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарық көрді. Роман адамның психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілген «Қызыл алма», «Мұнара», «Махаббат», «Аңыздың ақыры» атты төрт бөлімнен тұрады.

Оқырмандар конференциясы барысында студенттер Ә. Кекілбаевтың шығармасы бойынша образдарды талдай отырып, шығарманың кейіпкерлерінің психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілгеніне тоқталып өтті. Мұнда қым-қиғаш қайшыласқан шым-шытырық оқиға, топыралаған тобыр жоқ, санаулы ғана адам, сан алуан қырлы бірнеше ғана образ бар. Олар негізінен Әмірші, оның әйелдері, және сарай маңындағы барыпкелдер, Мұнара соққан Жаппар мен оның таныстары. Романдағы үш адамның психологиялық болмысы, жан сезімі, ішкі ой әлемі ерекше есте қаларлықтай берілген. Олар Әмірші мен Кіші ханша және оған ғашық болған шебер. Конференция  барысында осы үш кейіпкердің бейнесі, жазушының шеберлігі кеңінен талқыланып,  Солтүстік Қазақстан облыстық драма театры қойған «Махаббат мұнарасы» спектаклінен үзінді көрсетілді. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Мұратов Ермұханбет Мұнара жайында романнан үзінді оқыды.

Аталмыш шараға «Кекілбаев әлемі» атты тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, жазушының шығармалары мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген материалдар қойылып, шолу жасалды. Әбіш Кекілбаев шығармашылығына арналған слайд-презентация көрстелілді.