Кітапханадағы квартирник: гитарамен ән кеші

30.04.19

28-сәуірде Абай атындағы кітапханада өнер мен өлеңге ғашық жандардың орындауында кезекті ән кеші өтті. Кеш 9 мамыр қарсаңында өтіп отырғандықтан, әлбетте әуесқой авторлардың орындауындағы әндер соғыс тақырыбына арналды. Іс-шара қазақстандық «Мотороллер» тобының орындауында «Соғыс туралы» әнімен бастау алды. Кеңестік заманда екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын негізгі музыкалық бағыт ретінде ұстанған жалғыз топ. «Көгілдір орамал», «Қан майданға шығарып салған ару», «Соғыс жаңғырығы» т.б. соғыс жылдарындағы әндер тебіреніспен орындалды. Шара қатысушылары Ұлы жеңіске үлесін қосқан жерлестері Д. Бейсембаев пен Л. Васиннің орындауындағы туындыларды да сүйіспеншілікпен тыңдады. Сонымен қатар, жастар да Отанға деген сезімін мағыналы әндерімен білдірді.