Әскердегі бір күн: спорттық-патриоттық эстафета

03.05.19

3 мамыр күні Абай кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Әскердегі бір күн» атты спорттық-патриоттық эстафета ұйымдастырылды. Мәдени шараға қаламыздағы №35 ЖББО мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Мерекеге арналған шарамыз қан майданда ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың рухына арналған бір минут үнсіздікпен басталды. Мерекелік шара барысында ҚР Қарулы Күштері туралы, ҰОС батырларының ерліктері туралы мәліметтер берілді.

№35 мектептің «Батыр» және «Жігер» топтары жеті түрлі топтық ойын түрлерінен сайысқа түсіп, бақ сынасты. Аталған топтар арасында «Қол күресі», «Әскери жылдам киіну», «Кім шапшаң»,  «Арқан тарту», «Сөзжұмбақ» ойындары тартысты өтті. Соңында жалпы көрсеткіш есептелініп, қортынды бойынша сайыскерлер марапатталды.

Сонымен қатар қатысушылардың назарына бейне-слайд ұсынылып,  жеңіс туралы әндер шырқалды.  Іс-шара Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған «Ерлік дастаны» атты кітап көрмесімен толықтырылды. Көрмеге К.Воробьевтың «Убиты под Москвой», В.Быковтың «Катюша», В.Полевойдың «Повесть о настоящем человеке», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» және т.б. кітаптар қойылды.